
Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Көктөбе ауылында «Дін мен дәстүр» аясында мешіттер арасында футзалдан облыстық турнир өтті. Жарысқа жалпы саны 15 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — «Қожабек» мешіті (Май ауданы)
🥈 ІІ орын — «Сейділдә хазірет» мешіті (Тереңкөл ауданы)
🥉 ІІІ орын — «Ержан» мешіті (Ертіс ауданы)
«Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясымен Майқайың мешіті марапатталды.
Сондай-ақ, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе командасына арнайы сый-сияпат көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталды.
Жеке аталымдар бойынша:
⚽ «Әдемі гол» — Талғатұлы Мақсат (Сейітбаттал мешіті)
🧤 «Үздік қақпашы» — Шеризат Табысқан қажы («Қожабек» мешіті)
🛡 «Үздік қорғаушы» — Ильясов Рамазан («Ержан» мешіті)
🔥 «Үздік шабуылшы» — Қайролла Ержан (Майқайың мешіті)
⭐ «Үздік ойыншы» — Түлкібек Айдар («Сейділдә хазірет» мешіті)
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/1195475?lang=kk

Жауап қалдыру