ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📍Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандарттарға сай есу арнасында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды.
▪️Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген 6 команда құрамындағы 100-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс барысында олар 20 бағдарлама бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салады.
▪️Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен байдарка мен каноэде есуден және академиялық есуден мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Сұлтанбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
▪️Аталған чемпионаттың маңызы зор. Себебі жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасы сапына шақырту алып, 25-26 сәуір күндері Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия кубогында ел намысын қорғайды.
▪️Елшілік додада Түркістан облысының намысын қорғап жатқан Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Роза Кенес, Валентина Волкодавова сынды тәжірибелі спортшылардан жоғары нәтиже күтілуде.
▪️Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 7-10 сәуір күндері аралығында өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1195676?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді