
Ұлытау облысында қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және конфессияаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі лайықты бағаланды. Облыстық басқарманың ұйымдастыруымен теологтарды, ақпараттық-түсіндіру және профилактика бағытында жұмыс істейтін мамандарды қолдау мақсатында арнайы марапаттау рәсімі өтті.
Шара барысында 2025 жылы өңірдегі қоғамдық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, деструктивті идеологияға қарсы профилактикалық жұмыстарды жандандыру және ақпараттық қауіпсіздік бағытында айтарлықтай нәтижелер көрсеткен мамандар қаржылай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Марапат иелерінің қатарында Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларында, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында жүйелі жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер, сонымен бірге №62 түзету мекемесінің мамандары мен блогерлер бар. Олар тұрғындармен түсіндіру кездесулерін ұйымдастырып, танымдық сауаттылықты арттыруға, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және қауіпті ықпалдардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың негізгі мақсаты – қоғамдық тұрақтылық жолында еңбек етіп жүрген мамандардың жұмысына қолдау көрсету, олардың кәсіби мотивациясын арттыру және өңірдегі рухани қауіпсіздікті нығайтатын бастамаларды дамыту екенін атап өтті.
Бұл марапаттар – жеке еңбекті мойындаудың ғана емес, жалпы қоғамдағы бейбітшілік пен өзара сенімді күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Ұлытау облысы алдағы уақытта да осы бағыттағы тиімді жұмысты қолдап, сала мамандарының әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Материал Ұлытау облысы ТҚК аппараты
ұсынған ақпарат негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195723?lang=kk

Жауап қалдыру