«Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасын талқылауға арналған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық академиялық кітапхананың, кітапхана және баспа саласының өкілдері, сондай-ақ осы саладағы өзге ұйымдардың мамандары қатысты.

Ұсынылған заң жобасы кітапхана ісі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге және заманауи, бәсекеге қабілетті баспа саласын дамытуға арналған.

Жиын барысында құжаттың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, баспа қызметін реттеу, саланы қолдау тетіктері, кітап сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар бірыңғай кітапхана жүйесін стандарттау, кітап қорын қалыптастыру, авторлар мен баспагерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1195719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді