Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы аясында   Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы өнерпаздарының «Бәріміз жақсы көретін өнер» атты концерті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 5- ші сәуір күні мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы аясында Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы «Өнертану» үйірмесінің 355-тен астам балаларының қатысуымен «Бәріміз жақсы көретін өнер» атты шығармашылық концерті өтті. Тегін шығармашылық үйірменің қатысушылары ауыл қонақтары мен тұрғындарын өздерінің өнерлері мен би шеберліктерін көрсетіп, тәнті етті.

Қазіргі таңда «Өнертану» ұжымы шығармашылық  үйірмелердің 11 түрі домбыра; халықтық аспап; эстрадалық вокал; халықтық (ұлттық) би; хореографиялық ансамбль; кескіндеме, сурет салу; актерлік өнер және сахналық сөйлеу және т.б. үйірмелерінде балаларды өнерге баулып,  ертегілерді сахналап, халықтың ризашылығына бөленуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/974251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді