
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің өкілдері Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, түсіндіру дәрісін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қызметкерлер мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымы болуы тиіс «Заң мен Тәртіп» қағидасының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, осы бағыттағы заңнамадағы соңғы өзгерістер мен жаңа енгізілімдер жайлы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу аясында адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығы, қоғам мен мемлекет алдындағы борыш, жемқорлық құқықбұзушылықтардың салдары, сондай-ақ Әдеп кодексін сақтау мәселелері көтерілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жемқорлықтың алдын алу — әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы екенін еске салып, заң талаптарын қатаң сақтау мен жоғары этикалық стандарттарды ұстанудың маңызын ерекше атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/974277?lang=kk
Жауап қалдыру