
Бүгін Кішкенекөл ауылының Абай көшесі тұрғындарының өтініші бойынша Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сәниев Сапар Қапарұлы, депутат Лохан Александр Владимирович және Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Қойшыбаев Амангелді Төлегенұлымен Строительная көшесінің (С. Мәліков пен Абай көшелерінің арасындағы аумағының) жағдайымен танысты.
Аталған аумақтың жолы өте нашар жағдайда және жаңа емхана құрылысы аяқталғаннан кейін қоқыс жиналғаны анықталды.
Мәслихат төрағасы анықталған кемшіліктерді жою және аумақты ретке келтіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Сонымен қатар, депутаттар тарапынан ауылдық округ әкіміне бұл мәселе бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде депутаттық сауал жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/974310?lang=kk
Жауап қалдыру