
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Тәжірибелі отандасымыз Нұрсұлтан Тұрсынов (-87 кг) қола медаль үшін белдесуде түркіменстандық Довлетмұрат Байрамовты жығып, үздік үштікті түйіндеді.
Ертеректе Қаһарман Қисметов -77 кг салмақта қола медаль үшін үшін күресіп, өзбекстандық палуанға есе жіберді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1196531?lang=kk

Жауап қалдыру