
Бескарағай ауданының «Айналайын» балабақшасында «Ананың әлдиі» – «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында байқау өткізілді.
Байқауға 4 қатысушы өз сәбилерімен бірге қатысты.
«Айналайын» балабақшасының тәрбиешілері, Бескарағай ауылдық округінің аналар кеңесімен бірлесіп, байқауды ұйымдастыруға қолдау көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Аягөз Ербол,
2-орын – Амина Уәлиолдина,
3-орын – Қарақат Жантемір,
Арнайы номинация – Айару Ашимова
Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, білімдері мен ұлттық мәдени дәстүрлерді қолдану дағдыларын көрсетті.
Аягөз Ербол ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін аудандық финалдық байқауға қатысады.Іс-шара ортақ естелік фотосуретпен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/974394?lang=kk
Жауап қалдыру