Залахта қазақстандық саяхатшы Сарсенбай Котырашевпен шабыт пен рух сыйлайтын кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7 сәуір, Залах – Германияның Залах қаласындағы Qazan e.V. мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен қазақстандық саяхатшы Сарсенбай Котырашевпен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері, студенттер және қала тұрғындары қатысты. 

Qazan e.V. мәдени орталығы Германиядағы қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған маңызды қоғамдық алаңдардың бірі болып табылады. Орталықтың бастамасымен ұйымдастырылған бұл кездесу шетелдегі отандастардың басын қосып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. 

Кездесудің басты кейіпкері – Сарсенбай Оспанұлы Котырашев. Ол Қазақстан аумағын жаяу аралап өткен тәжірибелі саяхатшы ретінде бүгінде Еуропа елдері бойынша жаяу сапарын жалғастырып келеді. Атап айтқанда, ол 2026 жылғы 4 наурызда Сербия астанасы Белград қаласынан жолға шығып, Венгрия мен Австрия аумақтары арқылы жүріп өтіп, қазіргі таңда Германияға жетіп отыр. Жақын күндері оның бағыты Францияға қарай жалғасып, Париж қаласына дейін жету жоспарлануда. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/1196788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді