Қазіргі уақытта нарық қатысушыларымен бірге отандық Aitu платформасын банктік емес қаржы ұйымдары мен қаржылық қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылдың қосымша қорғалған арнасы ретінде пайдалану бастамасы талқылануда.
Аталған мәселе Агенттік тарапынан қаржылық қызметтер көрсету барысында алаяқтық әрекеттердің өсуі аясында ақпараттық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты қарастырылуда. Сонымен қатар, бұл бастама қаржы ұйымдары мен қызмет тұтынушылары арасындағы байланыс арналарының стандартталуына бағытталған.
Aitu платформасының техникалық архитектурасы барлық серверлер мен деректердің Қазақстанның қорғалған контуры ішінде физикалық тұрғыда орналасуының арқасында шетелдік мессенджерлерде жоқ тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл қаржылық трафикті ұстап қалу және дербес деректердің трансшекаралық берілу тәуекелдерін жояды. Әрбір транзакцияның қауіпсіздігі шифрлаудың (end-to-end) әдісін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, мұнда қол жеткізу кілттері тек пайдаланушылардың құрылғыларында сақталады, бұл сервер немесе провайдер тарапынан хат алмасуды оқуды мүмкін емес етеді.
Міндетті биометриялық сәйкестендіру мен бұлттық ЭЦҚ-ны қамтитын Aitu Passport жүйесін қолдану жіберуші мен алушыны заңды тұрғыдан мәні бар түрде верификациялауды қамтамасыз етіп, фишинг пен тұлғаны қолдан жасау қауіптерін іс жүзінде жоққа шығарады. Ашық API-интерфейстер мен бизнес-кабинеттерді пайдалану тіпті шағын қаржы ұйымдарына да дайын ұлттық инфрақұрылымға сүйене отырып, ең жоғары ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес өз жүйелерін біріктіруге немесе әзірленген сервисті аз шығынмен пайдалануға мүмкіндік береді.
Қаржы нарығында Aitu платформасын пайдалану бастамасы мессенджердің барлық артықшылықтары мен нарық қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, жан-жақты пысықталатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1196866?lang=kk

Жауап қалдыру