
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы хабарлама жасалды.
Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Лауреаттар атағы үш санатта:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі;.
және төрт номнация бойынша беріледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбек ақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
3) «Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асырып жүрген;
2) тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;
3) жойылмаған еңбек заңнамасының бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы және басқа да төлемдері бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық-еңбек даулары жоқ;
5) жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын акциялары бар;
6) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
7) конкурсқа қатысуға берілген өтінімде дәйекті мәліметтер көрсетіп, сондай-ақ толық көлемде құжаттар ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады. Қатысушылардың құжаттары сайт арқылы қабылданады hr.enbek.kz.
Конкурсқа қатысуға қатысты туындаған барлық мәселелер бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1196877?lang=kk

Жауап қалдыру