Прокуратура 600 млн теңге тұратын көкөніс сақтау қоймасын салу жобасына инвестиция салған инвестордың құқықтарын қалпына келтірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен көкөніс сақтау қоймасын салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Богдан» шаруа қожалығының мүдделерін қорғады.

Аталған жоба аграрлық секторды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие.

Инвестиция көлемі шамамен 600 млн теңгені құрайды, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Бұған дейін жергілікті атқарушы орган инвесторға жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас тартқан, бұл іс жүзінде жобаның іске асуына қауіп төндірген.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде инвестордың жерге қатысты құқықтары толық қалпына келтірілді.

Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкерлерді мына нөмірлер бойынша Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады:
+7 (7182) 31 50 54, +7 701 578 47 15.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1196893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді