Жамбыл облысында арнайы оқу курсы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7–8 сәуір аралығында азаматтық қорғау саласы бойынша арнайы оқу курсы өткізілді. Курсқа дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық және тіршілік қауіпсіздігі негіздері пәндерінің 65 оқытушысы қатысып, 16 сағаттық бағдарламаны меңгерді. Оқу барысында қатысушылар азаматтық қорғау саласындағы білімдерін жетілдіріп, оқу-жаттығуларды ұйымдастыру, эвакуация жұмыстарын үйлестіру және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын пысықтады. Курс тыңдаушылардың дайындық деңгейін арттырып, төтенше жағдайларда сенімді әрекет етуге мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1196938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді