Техническая учеба

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 6 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен 2024 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелері бойынша техникалық оқу өткізді.

Оқу барысында департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Акимбеков Б.К. 2024 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жұмысын ұйымдастыру регламентін сақтау жан-жақты түсіндірді.

Атап айтқанда:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес жұмысты жүргізу.
  2. 2024 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ақпаратарын назарға алу.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық ұсыныстармен алмасты. Техникалық оқыту қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарау қажеттілігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1196899?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді