Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округіне жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, 20-дан астам тұрғынның өтінішін тыңдады.

Кеңқияқ және Саркөл ауылдық округтерінің тұрғындары әлеуметтік салаға қатысты түрлі мәселелермен жүгінді. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, қиын өмірлік жағдайға байланысты біржолғы төлемдер алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектікті рәсімдеу және өзге де өзекті сұрақтар көтерілді.

Басқарма басшысы өз құзыреті шеңберінде әрбір өтініш бойынша түсіндірме беріп, қажетті кеңестер ұсынды. Барлық мәселелер бақылауға алынып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке қаралатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1196990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді