Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңқияқ және Саркөл ауылдық округтерінің тұрғындарына арналған ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева арнайы қатысып, жәрмеңкенің өту барысымен танысты.

Аталған шараны Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды.

Жәрмеңке аясында 245 бос жұмыс орны ұсынылып, оған 300-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 95 азамат сұхбаттасудан өту үшін жолдама алды.

Іс-шараға 24 ірі өндірістік компания, кәсіпорын және мемлекеттік мекеме қатысып, өзекті бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың қатарында «Кенкияк-СК», Н. Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйі, «Батыс Мұнай С Групп» ЖШС, жеке кәсіпкер Ермағанбетова, Кеңқияқ жалпы білім беретін орта мектебі, «Ұлы Қабырға» ЖШС, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Саркөл ауылдық клубы, “Ainala” оңалту орталығы және басқа да мекемелер бар.

Сонымен қатар, жәрмеңке барысында мемлекеттік қайтарымсыз грант иегерлері өз өнімдерін таныстырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1196979?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді