
Көктем мезгілінің басталуына байланысты елорда полициясы тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау қажеттігін еске салады. Жыл басынан бері көшелерде, аялдамаларда, саябақтар мен аулаларда қоқыс тастау, темекі тұқылдарын лақтыру, түкіру, автокөлік терезелерінен қалдықтарды шығару және абаттандыру қағидаларын бұзудың мыңдаған деректері тіркелген.
Мұндай әрекеттер қаланың көркін бұзып қана қоймай, тұрғындардың санитарлық жағдайы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Құқық бұзушылықтармен күресте Жедел басқару орталығының камераларының маңызы зор. Олар нақты уақыт режимінде ластау фактілерін тіркейді. Камералардан түскен ақпарат жедел түрде полицияның кезекші жасақтарына жолданып, құқық бұзушыларды жылдам анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтар туралы хабарлап, қоғамдық мәдениетті сақтауға үлгі көрсететін тұрғындардың белсенді ұстанымы да маңызды рөл атқарады.
Полиция ескертеді: тазалық қағидаларын сақтамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеледі. Қаланың тазалығы – ортақ еңбек, және әрбір азамат өзі өмір сүріп жатқан ортаның жай-күйіне жеке жауапты.
Полиция :
– қоғамдық орындарды темекі тұқылдары және тұрмыстық қалдықтармен ластамау;
– балалар мен жасөспірімдерді ерте жастан тазалық мәдениетіне баулу;
– ластау фактілері туралы қаланың ресми арналары арқылы хабарлауды еске салады.
Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана Астананы таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы қала ретінде сақтай аламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1197006?lang=kk

Жауап қалдыру