«Адалдық алаңы» дебаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Омар Молдағожин атындағы мектептің 10-сынып оқушылары арасында «Адалдық алаңы» атты дебат өткізілді.

Дебат барысында оқушылар екі топқа бөлініп, бір топ – Үкімет, екінші топ – Оппозиция ретінде өз ұстанымдарын қорғады. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның алдын алу жолдары, адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Дебат жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өздерінің білімдерін, шешендік қабілеттерін және сыни ойлау дағдыларын көрсете білді. Әр топ нақты дәлелдер келтіріп, қарсы тараптың уәждеріне жауап беріп, өз позицияларын сенімді қорғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1197019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді