
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев салтанатты түрде 18 жастағы ерікті Әділжан Дүренбековты марапаттады. Оған жоғалған жасөспірімді іздеуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.
Әділжан — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы инновациялық технологиялар колледжінің бірінші курс студенті. Оның айтуынша, 2 сәуір күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарламаны көрген бойда бірден іздеуге шыққан.
Ол еш ойланбастан өз мотоциклімен жалғыз өзі жолға шығып, айналаны тексеруге кіріскен. Әділжан өз сөзінде Дубовка кентінің маңындағы өзен жағасын тексеруді жөн көргенін айтады. Дәл сол жерден ол жоғалған мектеп оқушысын тапқан. Әділжанның бұл әрекеті — бейжай қарамаудың, батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1197068?lang=kk

Жауап қалдыру