Жастар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша дәріс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 8 сәуірінде құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Шынар Осипова учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, жастар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша дәріс өткізді.

🔹Іс-шара барысында қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері, оның туындау себептері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

🔸Ерекше назар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне, зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қалыптастыруға, сондай-ақ осындай жағдайлар туындаған кезде көмекке жүгіну тәртібін түсіндіруге аударылды.

🔹Осындай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1197066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді