
2025 жылғы 4 сәуірде Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Инжиниринг пен құрылыста ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар» тақырыбында конференция өтті. Іс-шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің қатысуы мен ұйымдастырылды.
Конференцияға мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, сондай-ақ сәулет және құрылыс кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараның негізгі бағыты болашақ сәулетшілер мен инженерлерде парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және кәсіби қызметте ашықтық қағидаттарын ілгерілетуге арналды.
Конференция аясында Департамент қызметкерлері заңнаманың өзекті ережелерін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың практикалық тәсілдерін, сондай-ақ сәулет-құрылыс жобаларын іске асыру кезіндегі мамандардың тап болуы мүмкін жағдайлардың нақты мысалдарын ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/974443?lang=kk
Жауап қалдыру