
2026 жылдың 08 сәуірде “№1 ЖББОМ” КММ базасында математика, физика және информатика мұғалімдеріне арналған “Білім беру тәжірибесінде жасанды интеллектті қолдану” тақырыбында аудандық семинар өтті. “Шағын жинақты мектептерде кіріктірілген математика сабақтарында ЖИ технологияларын қолдану” тақырыбында Алакөл ООМ математика пәнінің мұғалімі А. С. Утегенова сөз сөйледі. Моисеев ООШ математика және информатика пәнінің мұғалімі К.С. Чужаева “Идеядан нәтижеге: АИ + мұғалім” тақырыбында мастер-класс өткізді. Сондай – ақ, “Мұғалімнің қолындағы жасанды интеллект: нақты кейстер мен құралдар” тақырыбындағы өз тәжірибесімен Михайлов ОЖББМ информатика пәнінің мұғалімі Г.А. Ткаченко бөлісті. Э.Т. Оспанова – “Ш.Уәлиханов ат. ЖОББМ” КММ физика пәнінің мұғалімі “Физика сабақтарында ЖИ қолдану” тақырыбында презентация ұсынды. Семинар қорытындысы бойынша педагогтардан кері байланыс алынды, келесі семинарды өткізудің алдын ала жоспары әзірленді. Сондай-ақ спикерлерге сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1197111?lang=kk

Жауап қалдыру