Жаңа Конституция нормалары мектеп оқушыларына түсіндіріліп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты бір мезгілде еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы «Білім -мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституциядағы басымдықтар» деп аталды.

Іс-шараның мақсаты- оқушыларға жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында білім алушылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай форматтағы сынып сағаты ел аумағындағы барлық оқушыларды ортақ құқықтық тақырыптар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1197137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді