ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ

ӨТТІ

2026 жылдың 8 сәуірі күні Қызылқоға аудандық жастар мәслихатының алғашқы отырысы өтті.

Отырысты Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы Т.Бейсқали ашып жүргізді.

Жастар мәслихатының негізгі мақсаты -жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу, мүдделері мен құқықтарын қорғау. Ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуын қалыптастыру, ұсыныстар енгізуге мүмкіндіктер беру. Мемлекеттік бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жастар арасында ақпараттық –насихаттық шараларды жүргізуге үлес қосу. Білікті, белсенді жастарды тәрбиелеп жастар кадр резервін қалыптастыру.

Мәслихат төрағасы Толқын Ермекқызы жастарға салтанатты түрде куәлік пен төсбелгіні табыс етіп, жастар мәслихатының атқаратын жұмыстарына сәттіліктер тіледі.

Жастар мәслихатының төрағасы болып жастардың ұсынысымен Нұралы Әсет Нұралыұлы сайланды.

Қызылқоға аудындық мәслихатының баспасөз қызметі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kyzylkogin-district/press/news/details/1197156?lang=kk