
Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылдық округінде тұрғындар үшін ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға Кеңқияқ және Саркөл ауылдық округтерінің тұрғындары қатысып, жұмыс табуға мүмкіндік алды.
Іс-шараны Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырған. Жәрмеңкеге өңірдегі 24 ірі өндірістік компания, кәсіпорын және мемлекеттік мекеме қатысып, өздеріндегі 245 бос жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс берушілер қатарында СНПС – Ақтөбемұнайгаз, «Кеңқияқ-СК», «Батыс Мұнай С Групп» ЖШС, «Ұлы Қабырға» ЖШС, сондай-ақ білім және мәдениет саласындағы ұйымдар бар.
Шараға 300-ге жуық ауыл тұрғыны келген. Нәтижесінде 95 темірлік азамат жұмыс берушілермен сұхбаттасуға жолдама алыпты.
Сонымен қатар, шара аясында мемлекеттік қайтарымсыз грант иегерлері өз өнімдерін таныстырып, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мүмкіндіктерін көрсетті.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева аймақта мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын алға тартты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1197224?lang=kk

Жауап қалдыру