Өскеменде Қазақстанның инновациялық дамуының өзекті мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Жас ғалымдардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты ХІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияның алаңына айналды. Биылғы форум танымал ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Жеңіс Оразханұлы Күлсейітовтің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Ол өзінің 50 жылдан астам ғұмырын аталмыш университет пен отандық ғылымның дамуына арнаған.

Конференцияның негізгі мақсаты – жас зерттеушілерге жан-жақты қолдау көрсету, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, инновациялық белсенділікті ынталандыру, тәжірибе мен білім алмасу, кәсіби байланыстар орнату.

Іс-шара бағдарламасы инженерия, сәулет және құрылыс салаларындағы жасанды интеллектіні енгізуден бастап, энергетика, жер туралы ғылымдар мен табиғи ресурстарды басқару салаларындағы қолдануға дейінгі өзекті тақырыптарды қамтыды. Жекелеген секциялар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясындағы қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси сын-қатерлеріне арналды. Қатысушылар өз зерттеулерін ұсынды, олардың көпшілігі ел экономикасы мен білім саласының болашағына әсер ете алатын әлеуетке ие.

Конференцияға Қазақстаннан және алыс-жақын шет елдерден 300-ден астам жас ғалым қатысты. Қатысушылардың баяндамалары өзектілігімен және жоғары ғылыми деңгейімен ерекшеленді.

Форум қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электронды форматта жарық көріп, кең ғылыми аудиторияға қолжетімді болды. Бұл жинақ жаңа идеялар мен ғылыми жетістіктерді кеңінен таратуға жол ашпақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/974484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді