
2026 жылдың 4 сәуірінде Шал ақын ауданының білім бөлімі және ауданның білім беру ұйымдары “Таза Қазақстан” идеологемасы аясында сенбілік өткізді.
Іс-шараға білім беру бөлімінің қызметкерлері, педагогикалық ұжымдар мен білім беру ұйымдарының техникалық қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында аумақтарды тазарту, іргелес учаскелерді абаттандыру, қоқыстарды шығару және қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған орта үшін жауапкершілікті және ұжымдарды біріктіруге ықпал етеді. “Таза Қазақстан” акциясы-әркімнің туған өлкенің тазалығы мен абаттандырылуына қосқан үлесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1197276?lang=kk

Жауап қалдыру