Өрттің алдын алуға дайындық мәселелері пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде өрт қаупі күшейетін кезеңге дайындық мәселесі қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.
​Аймақта 7 млн 300 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар. Осы жылы «Орман және дала өрттерінің туындау тәуекелдерін азайту жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары» бекітіліп, комиссия отырыстары өтті. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 16 бөлімінде 106 өрт сөндіру техникасы, 9 дрон аппараты бар және 634 қызметкер жұмыс істейді. Орман шаруашылығы мекемелерінде 17 өрт сөндіру автокөлігі, 13 дрон, 15 өрт бақылау мұнарасы және 65 тұрақты өрт сөндіру жасағы дайын.
​Соңғы төрт жылда облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд 61 млн теңгеге 130 арнайы техника және 200-ге жуық құрал-жабдық сатып алынды. Биыл облыстық бюджеттен лизинг бағдарламасы арқылы 2 млрд 816 млн теңге қарастырылған. Орман қоры жеріне 283 шақырым жаңа өрт жолақтары салынып, 6 мың шақырым ескісі қалпына келтірілуде.
​Жыл басынан бері облыста 375 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 17-сі мемлекеттік орман қоры жерінің 608 гектарын қамтыды, 3 өртке кінәлілер анықталып, олар әкімшілік айыппұл төледі және табиғатқа келтірілген залал толық өндірілді.
​Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу мақсатында 158 адам 17 мобильді топқа біріккен, рейдтер тұрақты жүргізілуде. Өңірдегі 124 мың тұрғыны бар 90 елді мекенде 34 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, 2 мыңға жуық адамнан құралған 137 ерікті топ бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1197615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді