ШАРДАРАДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың дайындық барысын арнайы барып тексерді. Аудан басшысы жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, жұмысты сапалы әрі уақытылы орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетсек, ауданда аса қауіпті зиянкестермен күресті тиімді ұйымдастыру мақсатында 2026 жылғы 9 қаңтарда Шардара ауданы әкімінің №2-4Ө өкімімен арнайы штаб құрылған.
Жалпы аудан бойынша 18,175 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткізу жоспарлануда. Оның ішінде:
– жер үсті арқылы – 16,5 мың га;
– әуемен – 1,675 мың га;
Қазіргі таңда анықталған шегіртке ошақтарының көлемі – 1 гектар.
Зиянкестерге қарсы қолдану үшін 500 литр «Триаметрин» препараты дайындалған.
Анықтау және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 70 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, шегірткеге қарсы күреске жалпы 17 техника тартылған. Оның ішінде:
– мердігер есебінен – 9 техника,
– орман шаруашылығынан – 1 техника,
– демеушілер есебінен – 3 техника,
– ветеринария мекемесінен – 4 техника.
Қосымша ретінде 12 техника жалға алынатын болады (6 трактор, 6 су тасығыш көлік).
Сондай-ақ, көршілес Келес ауданына көмек ретінде 3 бүріккіш трактор мен 3 су тасығыш көлік жіберу жоспарланған.
Мемлекет тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар толық қолдауға алынып, тұрақты бақылауда жүргізілуде.
Диқандар назарына!
Егістік алқаптарда немесе елді мекен маңында шегіртке ошақтарын байқаған жағдайда уақыт оздырмай тиісті мекемелерге жедел хабар берулеріңізді сұраймыз. Бірлескен әрекет арқылы ғана зиянкестердің таралуына тосқауыл қойып, өнімді сақтап қала аламыз.
Қорытындылай келе, шегірткеге қарсы күрес жұмыстары аудан көлемінде жүйелі түрде жүргізіліп, тұрақты бақылауда болады. Бұл бағыттағы шаралар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтап қалуға және зиянкестердің таралуына жол бермеуге бағытталған.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1197884?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді