
10 сәуірде отставкадағы подполковник, Қазақстан Республикасының Төтенше қызмет ардагері Виктор Витальевич Ефименко 75 жылдық мерейтойын атап өтті.
Алтай өлкесінің Горняк ауылында дүниеге келген. 1971 жылы әскерде борышын атқарған соң КСРО Мемлекеттік Мәскеу әскери училищесіне түсіп, Радиобайланыс және хабар тарату техникасы мамандығын алды. Полтавада, сондай-ақ КСРО-ның жоғары офицерлік курстарында біліктілігін арттырды.
1986 жылға дейін Қырғыз КСР АҚ бөлігінде қызмет етті. 1988 жылы Гурьев облысы, кейін Павлодар облысы штабының байланыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының күрделі жылдарында тұрақты байланысты қамтамасыз етіп, заманауи аппаратураны енгізді. ТЖ жүйесін дамытуға белсенді қатысты, сенімді байланыс инфрақұрылымын құру үшін пікірлестермен жұмыс істеді.
“Қыс 1997” оқу-жаттығуына қатысып, оның қорытындысы бойынша жоғары баға алды. 1998 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ТЖ жүйесінде 2005 жылға дейін жұмысын жалғастырды.
Бүгінде Виктор Витальевич ардагерлер қозғалысының белсенді қатысушысы болып қала береді. Әріптестер мерейтой иесін лайықты күнімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/974663?lang=kk

Жауап қалдыру