Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметі лицензияланатын болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Маңызды жаңашылдықтардың бірі – арнаулы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) көрсету қызметін міндетті лицензиялауды енгізу болып табылады.

Аталған норма Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында көзделген. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар тиісті лицензия алуға міндетті.

Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға, қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет көрсететін ұйымдарға бірыңғай талаптар белгілеуге бағытталған.

Лицензиялау қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға, балаларға және халықтың басқа да санаттарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдарға қолданылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық, жартылай стационарлық жағдайларда, уақытша болу ұйымдарында, сондай-ақ үйде көрсетілуі мүмкін.

Лицензияларды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері береді.

Лицензия алу үшін ұйым белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда, қажетті материалдық-техникалық базаның болуы, тиісті ғимараттың болуы, санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ білікті мамандардың болуы талап етіледі. Бұл талаптар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы №222 бұйрығымен бекітілген.

Бүгінгі күні облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 33 лицензия берілді. Оның ішінде: стационарлық жағдайда 10, жартылай стационарлық жағдайда 6, уақытша болу ұйымдарында3, үйде қызмет көрсету бойынша13, бірнеше жағдайда қызмет көрсететін 1.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асыруға жол берілмейді. Мұндай фактілер анықталған жағдайда құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 464-бабы сәйкес жауапкершілік көзделген.

Лицензия алу үшін электрондық лицензиялау порталы арқылы өтініш беру қажет. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен келесі мекенжай бойынша алуға болады: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2, тел.: 50-06-07.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1198004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді