Асхат Бердіханов «Бәйтерек Агро Сервис» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Асхат Бердіханов «Бәйтерек Агро Сервис» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Қонаев қаласы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Ибраимовтың мәліметінше, биыл Шеңгелді ауылдық округінде 8150,6 га жерге егістік егу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 100 гектар алқапқа картоп, 75 гектарға жүгері, 1 200 гектарға дәнді дақылдар, 540 гектарға көпжылдық шөп, 90 гектарға көкөніс және 80 гектарға бақша дақылдары егілді.

Көктемгі егіс науқанына 67 ауыл шаруашылық техника, 10 дана астық сепкіш және 5 заманауи жоғары өнімді егіс кешені жұмылдырылған.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 1300 тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға зауыттармен 18 келісімшарт жасасты.

Шеңгелді ауылдық округі бойынша 14 шаруа қожалығы 1200 гектар егістік алқабында су үнемдеу технологияларын қолдануды жоспарлап отыр, оның ішінде 800 гектарға жаңбырлатып, 400 гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылады.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 225 тонна дизель отынына өтінімдер беріліп, 6 келісімшарт жасалды. Дизельдің бағасы шамамен 250 теңгені құрайды. Бүгінгі күнге 80 тонна дизель отыны пайдаланылды.

Дала жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқан серіктестіктердің бірі – «Бәйтерек Агро Сервис» ЖШС. Қазір мұнда 10 бірлік техника қызу жұмыс істеп жатыр. Компания голландиялық «Артемис» және немістік «Доната» элиталық картоп тұқымдарын 100 гектар алқапқа екті. Сонымен қатар 800 гектарға дәнді дақылдар және 50 гектарға көкөніс егу көзделуде.

Сондай-ақ серіктестік 150 гектар жерде израильдік «Metzerplas» компаниясының тамшылатып суару технологиясын енгізуді жоспарлауда.

Қосымша ретінде мекеме ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығымен де айналысуда. Қуаттылығы 500 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңында «Абердин-Ангус» тұқымды ірі қара мал бордақылануда. Жыл соңына дейін шамамен 200 бас ірі қара мал сатып алу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/974668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді