Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда жауған нөсер жауыннан кейін коммуналдық қызмет жағдайды бақылауға алып, қолайсыз ауа райының ықтимал зардаптарын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар уақытылы қабылданды. Қала аумағында су басу деректері тіркелген жоқ. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Су жиналуын болдырмау және жедел жою мақсатында «Алматы Тазалық» КМК мен мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Жұмыстарға:
— 123 бірлік арнайы техника;
— 74 мотопомпа;
— 20 ассенизаторлық көлік (оның 13-і ықтимал су басу орындарында орналастырылған);
— қажетті жабдықтармен қамтылған 75 жедел бригада (425 жол саласы жұмысшысы);
— 2300 құм толтырылған қап дайындалды.

Қосымша Алматы қаласының Құтқару қызметі де кезекшілік атқаруда. Құрамында 50 қызметкер, 14 мотопомпа және 1 ассенизаторлық техника дайындықта тұр.

Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 61 бірлік техника мен 244 жеке құрам жұмылдырылған.

Жалпы тәуліктік кезекшілікке шыққан жол саласы жұмысшыларының саны 2710 адам болды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 10 сәуірде қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3–8 м/с. Күндіз ауа температурасы +18…+20°С болады.

11 сәуірде түнде аздаған жаңбыр (1 мм-ге дейін) жауады, кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, күн ашық. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, түнде екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +20…+22°С.

Коммуналдық қызметтер көше-жол желісінің жағдайын бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1197994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді