Басымдық – кәсіби деңгейді арттыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Министрліктің анықтау басқармасының нұсқауы бойынша департамент базасында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Департаментінің өкілімен бірлесіп ұйымдастырылған анықтаушылармен сабақ өткізілді.

Кездесу тақырыбы есепке алу — тіркеу тәртібіне арналды. Құқық қорғау органдарының жұмысындағы заңдылық пен объективтілікке тікелей әсер ететін маңызды бағыт екені жеткізілді. 

Сабақ барысында келесілер қаралды:

– қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау, тіркеу және шешу тәртібі;

– есеп құжаттамасын жүргізудегі типтік бұзушылықтар мен қателіктер;

– аталған саладағы прокурорлық қадағалау практикасы.

Хабарламаларды бастапқы тексеруге қойылатын талаптарға, сондай-ақ есепке алу-тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тәжірибеден нақты мысалдарды бірлесіп талдау теориялық білімді бекітуге және жұмысты жетілдіру жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/974686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді