
Атырау облысында 2026 жылға арналған шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шаралары бойынша дайындық жұмыстары аяқталды.
Биыл үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу 79,0 мың гектар алқапта жүргізіледі. Бұл жұмыстар облыстың 5 ауданында жүзеге асырылады, оның басым бөлігі Қызылқоға (42 мың га) және Құрманғазы (26,7 мың га) аудандарына тиесілі. Өңдеу науқаны дәстүрлі түрде мамыр-маусым айларына жоспарланған.
Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігерлер анықталды: жер үсті тәсілімен өңдеуді «Бағжан» жеке кәсіпкері, ал әуе тәсілімен «AVIASILS» ЖШС жүргізеді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 35,8 мың гектар аумақта саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстары атқарылады. Бұл бағытта қызмет көрсетуші ретінде «Pest Mosq treatment» ЖШС белгіленді.
Жалпы, қабылданып жатқан шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1198187?lang=kk

Жауап қалдыру