ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ЖОЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес, Сәрсенбі күні  Ойтал және Ақарал ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында аудан әкімі өткен кезеңдегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына тоқталып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады. Сонымен қатар, аталған округтерде жүзеге асырылған жобалар мен тұрғындар тарапынан бұрын көтерілген мәселелердің орындалу барысы сөз болды.

Аудан әкімі өз сөзінде әлі де шешімін күткен өзекті мәселелер бар екенін атап өтіп, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Кездесу барысында тұрғындардың сауалдарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1198228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді