
10.04.2026 жыл
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 12 мамыр сағат 10.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 103 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршрут шығарылады:
ЛОТ № 6
№ 909 «Текелі қ. – Жетісу а. (Ескелді ауданы) – Қарабұлақ к. (Ескелді ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал»
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылғы 23 сәуір сағат 10.00.
6. 2026 жылғы 15 сәуір сағат 11.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/32-90-08, электрондық пошта: razvitiedor19@mail.ru.
Басқарма
басшысының орынбасары А. Досжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-transport-way/press/news/details/1198201?lang=kk

Жауап қалдыру