
Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі «Қылмыстық процестегі адам құқықтары» тақырыбындағы «Құқықтық диалогқа» қатысты.
Іс-шара барысында қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде қорғау құқығы мен процессуалдық кепілдіктерді сақтау мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтудың және адам құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1198280?lang=kk

Жауап қалдыру