
Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігінің қатысуымен ТМД аумағындағы «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында «Құқықтарды қорғау және денсаулықты сақтау» тақырыбында мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғау, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ адам құқықтарын сақтау және ілгерілету бағытында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
#Здоровье_и_Права_СНГ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1198454?lang=kk

Жауап қалдыру