ЖАЛҒАСЫН ТАБАР ЖАҚСЫ ІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Мұқтаж жандарға қарасу, сүрінгенді сүйеу– халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Осы ретте ауданымызда бүгін қасиетті жұма күні жақсы бір істің реті келіп, аудан орталығы Темірлан елді мекенінде көптен күткен қуанышты сәт орын алды.
Аудан басшылығы бастамасымен кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік санаттағы баспанаға мұқтаж отбасыға тұрғын үй тарту етілді. Баспанаға қол жеткізген жандарды қоныстандыруға арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Азат Оралбаевқа берілді. Аудан басшысы бүгінгі жаңа қоныс иелеріне шын жүректен құттықтау лебізін білдіріп, «Қайырымдылық жасау үшін ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез-келген жағдайда адамдар бір-біріне әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Бүгінде сондай игі істерді мақсат еткен жомарт жандар арамыздан табылып, біздің ұсынысымызды дұрыс қабылдап, мінеки, баспана мұқтаждығын сезініп келе жатқан отбасыға тұрғын үй табыстағалы отырмыз. Демеуші азаматтарға алғысымды айтамын. Бұл керемет істі осымен тоқтатпай, ары қарай тұрақты үдеріске айналдырсақ деген жоспарымыз бар», деп сөзін түйіндеді.
Аудандық маслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Бостандық Жәкей үй иелерін құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
Келесі кезекте бұл игі шараның жүзеге асуына демеуші болған «Құрылысшы» қайырымдылық қорын құрушы іскер азаматтар жылы лебіздерін жеткізіп, өз тараптарынан осы іске қолдау көрсеткен аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Жаңа қоныс иелері шын қуаныштың әсерлі сөздерімен, өздеріне тартылған сыйға рахметін жаудырды.
Сонымен қатар бүгінгі сыйлық иелері әкімдік пен демеушілер тарапынан тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/974769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді