
1. рұқсат етілмеген сауда орындарынан белгісіз адамдардан азық-түлік өнімдерін, үйде дайындалған өнімдерді (саңырауқұлақтар, кондитерлік өнімдер, үйде консервіленген өнімдер) сатып алмаңыз;
2. азық-түлік сатып алғанда олардың жарамдылық мерзіміне және сақтау температурасына назар аударыңыз;
3. жарамдылық мерзімі өткен немесе сақтау шарттары бұзылған тағамдарды тұтынбаңыз;
4. тоңазытқышта шикі және дайын тағамдарды бір-бірінен бөлек сақтауды қамтамасыз етіңіз;
5. көкөністерді, жемістерді, жидек пен шөптерді қолданар алдында жақсылап жуыңыз;
6. шіріген, бүлінген, қабығының тұтастығы бұзылған көкөністер мен жемістерді сатып алмаңыз, тұтынбаңыз;
7. қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбалау белгілері (жапсырмалары) жоқ тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
8. тамақ дайындамас бұрын, тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз;
9. термиялық өңдеуге жататын өнімдердің (ет, құс еті, балық, жұмыртқа) сапалы дайындалуын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс орындалған термиялық өңдеу жұқпалы аурулар қоздырғыштарының (сальмонеллез, іш сүзегі, ішек инфекциясы) өлуін және токсиндердің жойылуын қамтамасыз ететінін естен шығармаңыз жөн;
10. тағам дайындау үшін және тұтынуға герметикалық жағдайы бұзылған, қампайған, тот басқан, деформацияланған консервілерді, әр түрлі қоспалармен және қойма зиянкестерімен ластанған жарма, ұн, кептірілген жемістерді пайдаланбаңыз;
11. азық-түлікті қаптау және сақтау үшін тек азық-түлікпен бірге пайдалануға рұқсат етілген буып-түйетін материалдарды, құралдарды және ыдыстарды пайдаланыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1198572?lang=kk

Жауап қалдыру