
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен Кіші Оймашы көлі аумағында тазалық шарасы өткізілді.
Аталған аумақта орналасқан өндірістік нысан иесінің бастамасымен шамамен 500 метр аумақ тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылуда. Жұмыстарды жүргізуге жеке кәсіпкер тарапынан 5 арнайы техника жұмылдырылды.
Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу және олармен күресті күшейту мақсатында қала аумағында 8 нүктеге бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Аталған құрылғылар жақын арада іске қосылады. Қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырамыз, деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1198688?lang=kk

Жауап қалдыру