Сарысу аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылы 8 сәуірде Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 56-шы сессиясы өтті.

Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында аудандық мәслихат төрағасының, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы есептері, сонымен қатар күн тәртібіне енгізілген қосымша мәселелер тыңдалды.

Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойып, ұсыныстары айтылды. Мәслихат депутаттарына баяндамашы мен тиісті мекеме басшыларының жауаптары берілді. Көтерілген ұсыныстар шешім жобаларына енгізіліп, қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1198712?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді