
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік пен халық арасындағы конструктивті диалог орнату, барынша ашық және есепті мемлекет қалыптастыру, азаматтардың барлық өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес бүгін азаматтардың бірыңғай қабылдаудың күні аясында аудандық мәдениет үйінде “Ашық әкімдік” шарасы оздырылды.
Шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, Сайқын ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Абдуллин, аудандық жауапты мекемелерінің басшылары қатысты.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары ауылдың және өздерінің жеке мәселелері (тұрғын үй, жол, коммуналдық қызметтер, ауыл шаруашылығы т.б. мәселелері) бойынша жүгінді.
Тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған аудан басшысы Нұрлыбек Жасқайратұлы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, айтылған мәселелер бақылауға алынып, назарсыз қалмайтындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1198757?lang=kk

Жауап қалдыру