Аумақтық бөлімшелердің қатысуымен халықты қорғауға арналған қарапайым паналау орындарын бейімдеу жөніндегі ұлттық стандартты қолдану мәселелері бойынша кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Халықты қорғау үшін қарапайым паналау орындарын бейімдеу» ұлттық стандартын зерделеуге арналған кеңес өткізілді.

          Кеңес барысында мамандар стандарттың негізгі талаптарын, оның ішінде паналау орындары ретінде пайдаланылатын үй-жайларды таңдау және дайындау тәртібін, оларды инженерлік жабдықтау, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты қарастырды.

          Қатысушыларға стандарт талаптарын жергілікті деңгейде практикалық қолдану тәртібі түсіндірілді. Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтық қорғау жүйесінің дайындық деңгейін арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1198755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді