
Құрметті спорт сүйер қауым!
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Дзюдодан жасөспірімдер арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІІ дәрежелі ДАҢҚ, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Жанашев Әдек Жанашұлын құрметпен еске алуға арналған Республикалық турнир өтеді. Турнирге шет мемлекеттерден Маңғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан және еліміздің барлық 17 облысы мен 3 қалаларынан 600-ге жуық спортшылары қатысады деп күтілуде.
Бұл турнир ардагерлерді ұлықтайтын, ұрпақ сабақтастығын көрсететін маңызды шара болып табылады. Баршаңызды боз кілемде күтеміз!
Өтетін уақыты мен орны: 17-19 сәуір
Ақтау қаласы, Халық арена спорт кешені
Салтанатты ашылуы: 17 сәуір, сағат 16.00
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-tupkaragan/press/news/details/1198744?lang=kk

Жауап қалдыру