Алмалы ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алмалы ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. «Күміс алқа» төсбелгісімен ауданымыздың төрт тұрғыны – Айгерім Ахметова, Үлбике Баршамуратова, Ләззат Райымқұлова және Динара Тлеубергенова марапатталды. Барлығы бірдей 6 бала анасы.
Көп балалы ана болу – күнделікті тұрмыстық тіршілікпен ғана шектелмейді. Үлкен жауапкершілік, мол сабыр мен зор жан еңбегі.
Қазіргі таңда ауданда екі мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады, ал 300-ден астам ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталған.
Барша аналарды шын жүректен құттықтаймыз және олардың маңызды әрі күрделі еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1198740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді