Педагогтердің авторлық бағдарламаларының жұмыс тәжірибесін тарату бойынша облыстық вебинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алтай ауданының педагогтары 2025 жылғы 10 сәуірде облыстық педагогтердің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған авторлық материалдар негізінде тәжірибемен бөлісу мақсатында онлайн режимінде Марқакөл ауданы, Шемонаиха ауданы және Өскемен қаласының педагогтеріне арналған вебинар өткізді.
Вебинарға ауданның тоғыз мектебінен “педагог – сарапшы”, “педагог – зерттеуші” біліктілік санаттары бар он тоғыз мұғалім қатысты.
вебинарды ұйымдастыру келесі қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік берді:
– оқу процесінде әдістемелік басылымдарды пайдалану бойынша оқытушылардың кәсібилігін арттыру;
– авторлық әдістемелік жарияланымдарды пайдаланудың табысты жолдарын анықтау;
– мұғалімдерді өздерінің әдістемелік басылымдарын әзірлеуге ынталандыру.
Іс-шараға қатысушылар білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие процесінде Алтай ауданының педагогтары әзірлеген және пайдаланатын авторлық бағдарламалар мен оқу – әдістемелік құралдармен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altai-roo/press/news/details/974842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді