
Мадрид, 2026 жылғы 9 сәуір – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі Мадрид қаласында Наурыз мерекесін ұйымдастырды. Іс-шараға Испания министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, іскерлік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық қауымдастық мүшелері, сондай-ақ қазақстандық диаспора қатысты.
Құттықтау сөзінде Елші Данат Мұсаев Наурыздың жаңару, бірлік пен келісім мерекесі ретіндегі символдық мәнін атап өтіп, оның халықтар арасындағы мәдениаралық өзара түсіністік пен достықты нығайтудағы рөлін ерекше көрсетті.
Концерт жарқын мәдени оқиғаға айналып, Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ испан аудиториясы арасында қазақтың ұлттық мәдени мұрасын насихаттауға елеулі үлес қосты.
Кештің басты оқиғасы Түркістан облысынан келген «Алқоныр» ансамблінің өнер көрсетуі болды. Ұжым дәстүрлі музыка, халық әндері мен ұлттық орындаушылық өнер элементтерін қамтыған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. Орындаудың жоғары деңгейі мен бағдарламаның шынайылығы қонақтардың ерекше ықыласын тудырып, Қазақстанның бірегей мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара қонақтары концерттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мұндай бастамалардың мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1198814?lang=kk

Жауап қалдыру